18 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Петропавлдағы сепаратизмді насихаттады деп айып тағылған азаматтарға қатысты сараптама нәтижесі шықты. Халықтың жұмысшылар кеңесін құрмақ болған 3 белсенді қамауға алынды. Бұл туралы СҚО прокуратурасы хабарлады.
Алайда аталған іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталмаған. Бұған дейін әлеуметтік желіде өздерін Қазақстаннан тәуелсізбіз деп жариялап, ұйым құрған тұрғындардың жиын өткізген видеосы пайда болған еді. Жиында 19 адам жаңа декларацияны, Жарғы жобасын, символиканы, Халық Кеңесінің мөрін бекітіп, 1937 жылғы Қазақ КСР Конституциясы бойынша өмір сүретіндерін айтқан. Олар өздерін "Ұлы отан соғысында жеңіске жеткен батырлардың ұрпағымыз" деп таныстырған.
"Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады. Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір