14 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
11 наурызда ҰҚК қазақстандық содырдың Сириядағы қызын елге қайтарды. Қызды елге қайтаруға алты айдан астам уақыт кеткен.
"Қазіргі уақытта ол Астана қалалық балаларды қолдау орталығында, психологиялық жағдайы қанағаттандырарлық. Қызды медициналық тексеруден өткізіп, бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіп жатырмыз. Бала алдағы уақытта туыстарының біріне қайтарылады", - деді ҰҚК.
Қазір шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, Қазақстан азаматтарын лаңкестік аймақтардан қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай–ақ, 2019 жылдан бері ҰҚК 518 кәмелетке толмаған, оның ішінде 34 жетім баланы лаңкестік әрекет аймағынан отанына қайтарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір