• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:21:54
Алматы
+12°

Астанада наразылық жасаған жаңаөзендік мұнайшылар қалаға оралып, “Өзенмұнайгаз” кеңсесі алдынан талаптары орындалғанға дейін кетпейтінін мәлімдеп, видео үндеу жасады.

"Біз Астанадан аман–сау үйімізге оралдық. Бірақ нақты шешім шыққан жоқ. Шешім шыққанға дейін "Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында боламыз" – деді мұнайшылар. 

Еске сала кетейік, 11 сәуірде бір топ жаңаөзендіктер Астана қаласындағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған болатын. Олардың наразылыққа шығуына жұмыссыздық себеп болған. "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылғандықтан, жұмыс орындарынан айырылған мұнайшылар Энергетика министрлігінің алдына түнеген. Оларды 12 сәуір күні полиция бөлімшесіне алып кеткен болатын.

Сондан кейін Жаңаөзендегі әкімшілік алдына жиналған бір топ тұрғындар видеоүндеу жасады. Олар Астанадағы мұнайшылардың босатылуын талап етті. Кейіннен мұнайшылардың босатылуын талап еткендер саны артып, әлеуметтік желіде видеоүндеулер тарап кетті. Кейіннен министрлік олардың мәселесі шешілетінін айтып, мұнайшыларды Маңғыстауға жөнелткен болатын.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір