• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:15:19
Алматы
+12°

Рысбек Сәрсенбайұлының үстінен іс қозғалды. Қоғам белсендісіне 488-бап, 7-бөлігі "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бойынша айып тағылған. 

Оның үстінен хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Бұған дейін, қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Әлнұр Ильяшев, журналист Лұқпан Ахмедияров қамауға алынған болатын.

Еске сала кетсек, Рысбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Тайжан және тағы да басқа бір топ белсенді бастаған Халықтық партия ұйымы 9 сәуірде сайлау нәтижесіне қарсы митинг өткізді. Митинг өткізуге жергілікті билік рұқсат бермеген. Алайда Рысбек Сәрсенбайұлы бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алатынын хабарлаған еді. 

Кеше сот Мұхтар Тайжанды "бейбіт жиын заңын бұзғаны үшін" 15 күнге қамады. Ал Лұқпан Ахмедияровтың ісі бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір