07 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: qamshy.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлемнің Екінші ұстазы атанған ғұлама, дана бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидың құрметіне арналған дәстүрлі «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы ағымдағы оқу жылы 6 сәуірде өз жұмысын бастады. Университеттің ізгілікті бастамасына біздің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті зор ықыласпен үн қосып, конференция жұмысын ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы – 5, шетелдіктердің тілдік дайындық кафедрасы – 3, колледж – 1, бейіндік мектеп – 2, жалпы 11 секция бойынша ұйымдастырды.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы ұйымдастырған секциялардың, әсіресе, Тарих – «Әлем дамуындағы инновациялық технологияның рөлі» секциясының жұмысы өте ауқымды болды, 70-тей отандық ЖОО-лардан келген: Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университеті – 11, Қазақ Қыздар Педагогикалық университеті -2, «Мирас» университеті -2 , М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті-1 студенттер мен шетелдік тыңдаушылар қатысқан секция өз жұмысын екі бөлім бойынша жүргізді.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары А.К.Бегалиева, Р.Наралиева модератор болған 2-бөлімінде отандық ЖОО-лардан келген студенттердің көп болуы секция жұмысын жандыра түсті. «Жаңа Қазақстандағы жастар саясаты», «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан», «Қазақстандағы білім беру моделі» секілді,. бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған тақырыптарға қатысты т.б баяндамаларға қызығушылық жоғары болуы да заңды, себебі өздерін Жаңа Қазақстанның Әділетті қоғамының қозғаушы күші ретінде санайтын жастар арасында «Жаңа Қазақстанды қалай болады деп санайсың?», «Жаңа Қазақстанда Әділетті қоғамды құруға қандай үлес қосасың?» деген секілді мазмұны терең, ауқымды сұрақтар осы тақырыптар аясында жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар Бейбарыс сұлтан, Абылай хан, Оспан батыр, Д.А.Қонаевтай тарихи тұлғалар туралы баяндамалар да қызығушылық тудырды. Бейбарыс сұлтан – моңғол-татар шапқыншылығын тоқтату арқылы екі дүниенің: ислам мен христиан әлемін құтқарған маңызды тұлға, ал Абылай хан – жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, Үш Жүзді бір тудың астына жинап, қазақ жерін азат еткен ұлы хан, Д.А.Қонаевтың кеңестік дәуірде қазақ халық үшін сіңірген еңбегі зор ұлт азаматы ретінде бұл тарихи тұлғалар көпшілік танымал болса, ал Қытай жерінде ұлт азаттығы үшін күрескен Оспан батыр туралы мәлімет қазақстандық жастарды өте қызықтырды. Баяндамашы Даутхан Саяхаттың «болашақта Оспан батырды халқыққа танымал болуы үшін не әрекет жасайсың?» деген сұраққа – «жыр мүшәйрасын, ақындар айтысын ұйымдастырғым келеді» деген жауабы көпшілік көңілінен шықты. Конференция барысында әрбір жұмыс жан-жақты талданып, баяндаманың мақсаты мен мазмұнына терең шолулар жасалды. Конференцияның жұмысы барысында баяндамасының ғылыми ізденісі мол деп табылған еңбек иелері ректорат тарапынан марапатталды.
Тарих: «Әлем дамуындағы инновациялық технологияның рөлі» бойынша жұмыс істеген секцияның 2-бөлімінде комиссия шешімімен баяндамаларының мазмұны мен ізденістері жоғары деңгейде болған қатысушылар: ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылары Қаныбек Айдана – I дәрежелі Дипломмен, Даутхан Саяхат, ал ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің 11-сыныбының оқушысы Мұханбекұлы Тоқтар – II дәрежелі Дипломдармен, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылары Қуатнұр Бүлдіршін, Мұралұлы Мағжан, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және АТУ университетінің студенттері Әбжан Самал, Курбанбек Улпан Сакенқызы III дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Және де секция барысында белсенділік танытқан қатысушылар: Сраил Аружан, Балтабай Назерке, Ораз Болысқан, Оңғарбек Дина, Эсенгали Диана, Ғазақ Миан,Мейрам Айжан, Нұржамал Айсара, Дәнкей Балзан, Урметов Нұрлыбек, Махшар Айнұр факультет тарапынан ынталандыру марапаттарына ие болды.
Конференцияның салтанатты жабылуында факультет пен кафедра басшылығы қатысушылардың, Жаңа Қазақстанның дамуына өзіндік үлестерін аямайтын, білім-ғылым кеңістігімен қатар еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті отанын сүйген азаматтар болып қалыптасуына сәттілік тілеп, бәріне өмірде бақыт, оқуда табыс, Ғылым жолындағы алғашқы қадамдарымен және бүгінгі жетістіктерімен құттықтады. Конференция жас ізденушілердің алған тағылымы мол ғылыми-танымдық шара болды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға
оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір