• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:01:45
Алматы
+12°

ҚР премьер–министрі Әлихан Смайылов "Самұрық–Қазына" ұлттық әл–ауқат қоры" АҚ ұжымының басқарма төрағасын  таныстырды. 

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы болып Нұрлан Жақыпов тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Оған дейін бұл қызметті Алмасадам Сатқалиев атқарған болатын.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету сияқты міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Қор – біздің еліміздегі үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Оның тиімді жұмысы бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобаларға байланысты болып отыр", – деді Әлихан Смайылов. 

Нұрлан Жақыпов бұған дейін Kazakhstan Investment Development Fund басшысы болып қызмет атқарған болатын. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір