• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:35:39
Алматы
+35°

2022 жылы Қазақстан тарапы Қытай елінен келушілерге 14 күндік визасыз режим тәртібін енгізді. «Қамшы» журналистері Алматы әуежайына барып, осы мәселеге байланысты зерттеу жасап көрді.

Қытайдан аптасына 7 күн әуе рейсі жүреді. Бұдан бөлек сырт Қорғас-Алматы, Шәуешек-Үржар тасжолы арқылы автокөліктер тоқтаусыз қатынайды. Күнделікті келген жүздеген қытайлықтар Алматы әуежайында тым көптігімен көзге түседі. Қазақстан мен Қытай арасындағы «Визасыз режимге» байланысты «Қамшы» порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдаған. Министрліктің жауабына сүйенсек ҚХР азаматтары үшін 14 күндік визасыз келу тәртібі "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу кезінде қолданыста болған 3 күндік визасыз транзит тәжірибесі негізінде белгіленген.

"Қазіргі уақытта тараптармен талқыланып жатқан келісім жобасы екі мемлекет азаматтарына тепе-теңдік қағидатына сәйкес азаматтық паспорттар иелеріне өзара визасыз сапарларға жағдай жасауды көздейді» делінген министрлік жауабында.

Бірақ Қазақстан азаматтары Қытайдың туристік Хайнан аралына ғана визасыз бара алатыны айтылған. Ал Қытай азаматтары кез келген уақытта визасыз режиммен Қазақстан аумағында 14 күн еркін жүріп тұрады. Бейресми дереккөздер «Қытайдың 14 күндік визасыз режиміне» Қазақстан тарапының ұсыныс жасағанын айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір