• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:06:20
+35°

Оңтүстік Кореяның кедендік бақылау заңдарын бұзып, өзге елдің шекарасын заңсыз кесіп өткен екінші қазақстандық ұсталды. Ол Инчхон қаласының Саданжи ауданында полицияға өз еркімен берілген, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде болған екінші Қазақстан азаматы корей полициясына өз еркімен тапсырылды. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, отандастарымызға заңгерлік кеңес береді" – деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Ұсталған азамат – Түркістан қаласының 2005 жылғы тумасы Нұрсұлтан Ирисбаев. Корея үкіметі іздеуде болған қазақстандықты табуға көмек берген адамға 30 млн вон сыйақы, егер көмек берген адам заңсыз мигрант болса, Кореяның өзінде виза жасап беретінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, полиция қашқын өз еркімен берілмесе, басқа қазақстандық азаматтар мен заңсыз мигранттарға қысым көрсетілетінін айтқан. Одан бөлек Кореяға келетіндерге елге кіру тәртібі қатаңдатылатынын да ескертті.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні екі Қазақстан азаматы Кореядағы Инчхон әуежайындағы биіктігі 3,6 метрлік қоршаудан асып қашып кеткен болатын. Олардың бірі Тэджон қаласынан қамау алынған еді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақстан корея

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір