• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:43:55
Алматы
+35°

Кеше Қаңтар қырғынында қаза болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген болатын. Айдос Мелдехан сұхбатта Жанель есімді қызына 7 оқ тигенін, әлі ем қабылдап жүргенін айтты. 

"Қызыма бірнеше рет от жасалды. Жан-жақтан көмек сұрадық. "Қазақстан халқына" қорының бастығы басқа көмек көрсетуден бас тартты. Көмектесеміз деген Олжас Құдайбергеновке хабарласқанымда "Болат Жамишев келісім бермеді" деп қысқа қайырды. Ал Алматының әкімі болып сайланғанан бастап Ерболат Досаевтың қабылдауына жазыла алмай жүрмін", деген еді Айдос Мелдехан. 

Ал "Қазақстан халқына" қорының баспасөз хатшысы Диас Бейсенбек аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып редакцияға хат жолдады. 

"Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Қор қаза тапқан Мелдеханова Айкөркемнің ата-анасына 7 млн теңге, жараланған Мелдеханова Жанельге және Мелдеханов Бауыржанның ата-анасына 6 млн (әр балаға 3 млн теңгеден), Мелдеханова Жанельге Түркияның Koç University Hospital in Istanbul клиникасында шетелдік ем жүргізу үшін 1 202 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат төледі" делінген "Қазақстан халқына" қорының мәлімдемесінде.

Сонымен қатар жолданған хатта Олжас Құдайбергеновтің әлеуметтік желідегі посттарын тілге тиек ете келе, көмек көрсетіліп, Айкөркемнің отбасымен байланыста болғаны да хабарланған.

Сұхбаттың толық нұсқасы Qamshy TV YouTube арнасынан көре аласыздар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚАҢТАР

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір