• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Маусым, 06:01:02
Алматы
+35°

Қазақстанда есірткі тұтынатын жасөспірімдерді анықтау үшін скрининг енгізілуі мүмкін. Скрининг нашақорлықты анықтауға мүмкіндік береді.

"Мұндай шара нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында қарастырылған", деп хабарлады ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Қазақтанда нашақорлардың есебі жүргізілмегендіктен, нақты статистика жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанда 18 мың есірткіге тәуелді адам тіркелген. Бірақ сарапшылардың нашақорлардың саны ресми деректерден 5 есе көп.

Скринингті оқу орындарына, жұмысқа орналасуға, мемлекеттік қызметке және Қарулы Күштерге қабылдау кезінде медициналық тексеру аясында өткізу ұсынылған.

"Бүгінде синтетикалық есірткілер кеңінен таралған және азаматтар қолжетімді екенін мойындау керек. Егер нашақорлық ерте сатысында анықталса 95% жағдайда адам қалыпты өмірге оралуы мүмкін екенін сарапта көрсетіп отыр", - деп қосты ІІМ басшысы.

Дереккөз: informburo.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір