Теміртау қаласының тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды. Лукашенко шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі толығырақ хабарлайды.
Биыл 26 наурыздан бастап Алматы – Ашхабад бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қайта жанданады.
"Түрікменстан" әуе компаниясы 2023 жылғы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр", - делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қайтарылды
Теміртау қаласында монополистер халықтан ақша жинаса да, коммуналдық желіде болған ақаулықтар үшін қайта есептеуді жүргізбеген. Прокурорлар 120 мың адамның ақшасын қайтарып беруді талап етті.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылуды пайдаланғаны үшін 120 мың тұрғынның (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) шығындарын қайта есептеуге міндеттелді. Осылайша, халық коммуналдық қызметтерді тағы 300 млн теңгеге пайдалана алады.
Қазақстанда мұғалімдер күнінің датасы бекітілді
Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда аталып өтеді. Ел үкіметі тиісті қаулы қабылдады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Әлем жаңалықтары
Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды
Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады.
Басылым мәліметінше, ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдаған. Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өткен.
Лукашенко шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заңға қол қойды
Беларусь президенті Александр Лукашенко "Қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы" Заңға қол қойды.
Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.
"Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру
пікір