08 Наурыз, 2023 NEWS
Фото:Qamshy.kz
Алматыда 8 наурызға орай феминисттік ұйымдардың ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Ұйымдастырушылар қатарында маслихат үміткері Жанар Секербаева да бар.
Феминистер митингте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен дене автономиясы үшін күрес тақырыбын алған.
"Әйелдің 40 жаны жоқ", "Әйел бастаған көш алға", "Зорлық отбасыдан басталады" сынды ұрандарды көтерген қыз-келіншектер елдегі зорлық-зомбылықты тоқтатып, әйел құқығын қорғауды талап етті. Шерушілер арасынан "Шымкент пен Түркістандағы педофилияны кім тоқтатады?" деген жазуды да байқауға болады.
Маслихат үміткері, "Феминита" ұйымын құрушылардың бірі Жанар Секербаева:
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң парламентте қарастырып жатқанына 3 жылдан асты. Бірақ әлі күшіне енген жоқ. Еркектер әскерге барғанда ғана өз қауіпсіздігі үшін қорқатын шығар. Ал әйелдер өмір бойы қорқып өтеді. Түнде жүру бізге қашанға дейін қорқынышты болу керек?", деп мәлімдеді шеру алаңында.
Сонымен қатар феминисттік марш бүгін Бішкекте де болып жатыр. Ал 8 сәуірде Астана қаласында өтеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір