• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:01:19
Алматы
+12°

2-ші наурызда №24 аудандық сайлау комиссиясының №55 хаттамасымен ҚР Парламенті Мәжілісінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депутаттығына кандидат Асылбек Қожахметовті тіркеу туралы шешім жойылды. Асылбек Қожахметов – Алматы менеджмент университетінің президенті.

Оның кандидаттықтан алынып тасталуына салық декларациясында көрсетілген қате мәліметтер себеп болған. Нақтылайтын болсақ, Асылбек Қожахметов 2001 жылы тіркелген "Бизнес көшбасшысы" басқару ойынының телевизиялық сценарийіне авторлықты құқық туралы құжатта атап көрсетпеген. Алайда саясаткер оны ешқашан пайдаланбағанын айтып отыр.

Бүгін Алматыда Асылбек Қожахметов пен оның сенімді өкілі Дос Көшімнің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Кандидаттың сенімді өкілі Дос Көшім сайлаудан шеттетудің заңсыз екенін атап өтті.

"Конституция бойынша әр азаматтың сайлауға түсуге, сайлануға құқығы бар. Бірақ осы құқықтарға қарама-қайшы келетін кейін шыққан заңдар да бар. Біз Асылбек Қожахметовтың бағдарламасы мен бұрын оппозицияның басшысы болғандықтан сайлауданы алынып тасталып отыр демейміз. Тек бірнеше қарама-қайшылықтар байқалатынын айтқымыз келеді. Орталық сайлау комиссиясындағы нормативтік заңдар мен актілерді алға тартып, тіркелген кандидаттарды алып тастау басталды. Біздің сайлау алды науқанымыз осы себептен тоқтап тұр. Егер бүгінге дейін кандидат тіркеуден өткен болса оның сайлауға қатысуға толық құқы бар", деді Дос Көшім. 

Бұдан бөлек саясаткер Шоқан Уәлиханов ауданындағы мәдениет үйінің басшысын сотқа беріп жатқанын айтты: 

"Себебі ақшасын төлеп, сол мәдениет үйінде кездесу өткізуді жоспарладық. Алайда олар бізбен қатарластырып "Аманат" партиясының кездесуін өткізген. Бірдей уақытта, бірдей орында 2 кездесуді белгілеп қойған. Партия мүшелеріне құжаттарымызды көрсеттік. Кейін олар файеде кездесу өткізетінін айтты. Мен ешқандай құжатсыз кездесу өткізуге болмайтынын айтып, ескерттім. Бұл біздің кездесуге кедергі жасау үшін әдейі жасалған. Осындай аяқтан шалу оқиғалары кездесіп жатыр. Менің ойымша, мұның барлығы бұрынғы ауру, бұрынғы дерт және бұрынғы мәселе. Жаңа адамдар билікке келсе шама келгенше тоқтатуға тырысады. Бұл жағдай әлі күнге дейін бар. Амал жоқ, өзіміздің арыз-өтінішімізді бердік. Қандай нәтиже шығатынын әзір білмеймін". 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір