• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:49:31
Алматы
+12°

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

 
15 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен «Каспий» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда өңірдегі автобус паркін ұйымдастыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында 60 пайызы тозған автобус паркін жаңарту мәселесі сөз болды. Осы орайда облыс орталығы мен аудандарға қатынайтын 120 автобус сатып алу жоспарлануда.

Облыстағы жолаушылар тасымалын қауіпсіз, қолайлы әрі сапалы ету мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ» отандық жаңа автобустарды сатып алуды ұсынып отыр. Егер автобус паркі жаңартылса, облыста 460 жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев автобус паркінің жаңартылуы тұрғындарға жайлы жағдай жасап қана қоймай, еліміздің машина жасау саласын дамытуға да септігін тигізетінін атап өтті.

– Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру – күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Тұрғындар тасымалдаушылардың жұмысына жиі шағымданады. Сондықтан облыстың барлық ауданына қоғамдық көлік сатып алу мәселесін қарастыру қажет. Автобустар ауыл арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Отандық өндірістегі автобустар Қарағанды облысында құрастырылады. Экологиялық таза өнім, метанмен жұмыс істейді.

Аудандаралық «Ақтау-Батыр2-Ақтау», «Ақтау-Жетібай-Ақтау», Ақтау-Құрық-Ақтау» және «Ақтау-Таушық-Ақтау» бағыттарына, Мұнайлы ауданішілік «Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау» және «Маңғыстау - Баянды- Маңғыстау» бағыттарына автобус шығару жоспарлануда. Сонымен қатар Ақтау қалалық №1, №6, №9 жаңадан тұрақты маршруттар ашу жоспарлануда. Одан бөлек жобада Ақтау-Бейнеу-Ақтау, Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау бағыттарын жаңа қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір