07 Ақпан, 2023 Маңғыстау облысы
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
7 ақпанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін бақылау мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жиын барысында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 124,8%-ды, ал республика бойынша 122,7%-ды көрсетті.
2022 жылы бағаның көтерілуіне геосаяси жағдайлар, көрші елдердің азық-түлік өнімдерін экспортқа уақытша шектеу қоюы, логистикалық өзгерістер және тағы басқа да мәселелер себеп болған.
Жанна Тоқбаеваның айтуынша, былтыр бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шара қолға алынған. «Айналым механизмі» бойынша 9 түрлі азық-түліктің өнімін жеткізуге 738,4 млн. теңгеге төмен пайызбен қарыз берілді.
– Аптасына екі рет Баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырғаны үшін 20 кәсіпкерлік субъекті иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарларды белгіленген бағамен сатуға 10 кәсіпкерлік субъектісіне 8 түрлі азық-түліктің 3816,2 тоннасын өндіруге немесе жеткізуге келісім-шарт жасалды, - деді Жанна Тоқбаева.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, тауардың өңірге келгенінен бастап, тұтынушыға жеткізудің барлық тізбегі бойынша бақылау жүргізілуі керек.
Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір