17 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Украина тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.
Украина тарапы келіссөз не туралы болғаны жөнінде ақпарат таратпады.
Соңғы рет Зеленский мен Тоқаев 2022 жылдың шілде айында Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына байланысты телефон арқылы келіссөздер жүргізді. Келіссөз кезінде тараптар украин астығының экспортын талқылады. Сонымен бірге Тоқаев Украинаны ядролық қарусыз мемлекет деп тану және Киевтің кез келген коалицияға мүше болудан бас тартуы дағдарысты еңсерудің ең жақсы нұсқасы екенін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір