15 Ақпан, 2023 NEWS
Фотоколлаж
Жоғарғы сот Астананың бұрынғы әкімдерінің бірі Әділбек Жақсыбековтың балалар үйінің тәрбиеленушісін үй кезегіне қоюдан бас тартуы заңсыз деп танылғанын хабарлады.
Жоғарғы сот мәліметінше, жәбірленуші 1995 жылдан бастап Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленіп келген. 2005 жылғы сәуірде балалар үйінің директоры Астана әкіміне тәрбиеленушісін мемлекеттік тұрғынүй қор есебінен немесе тұруға жарайтын өзге баспанамен қамту жөнінде хат жолдаған. Ол кезде қаланы Өмірзақ Шүкеев басқарып тұрған.
2014 жылғы 26 желтоқсанда астана әкімдігі тәрбиеленушінің тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы өтінішін қарап, оған қалада тұрақты тіркелу туралы мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлаған. Осы мәселе бойынша талапкер жауапкерге бірнеше рет жүгініп, өзін үй кезегіне қоюды қалпына келтіру үшін негіз деген жауап алған.
Алайда Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың сот актілерін күшінде қалдырып, талапкерді тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою құқығын қалпына келтіруден бас тартуға негіздердің жоқтығын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір