• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 11:42:51
Алматы
+35°

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев түзету колониясынан босатылды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агентігі. 

"Бүгін босатты. Енді үйге қайтамыз", деген агенттік дереккөзі.

Агенттік дереккөзі Атамбаевтың жүріп-тұруына қатысты шектеулер алынып тасталғанын айтқанын, Қырғызстан шекарасынан тыс жерде емделуге рұқсат берілгенін жеткізгенін жазды.

2011-2017 жылдары Қырғызстанды басқарған Алмазбек Атамбаев 2019 жылдың 8 тамызында Шу облысының Қой-Таш ауылындағы резиденциясында арнайы операция барысында ұсталған. 

2020 жылдың жазында 2013 жылы қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іс бойынша 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылған. Кейіннен кейбір айыптаулар алынып тасталған. 2022 жылдың маусымында "2020 жылдың қазан айында болған Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктер" туралы іс бойынша ақталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір