• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:18:50
Алматы
+12°

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж) дүниеге келген, оның ішінде 208 мыңы – ұлдар, 195,5 мыңы – қыздар. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020ж. – 263 мың, 2021 ж. – 267 мың).

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарында (1000 тұрғынға 10,82) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымына байланысты.

Аталған кезеңде 128,5 мың неке, 17,7 мың ажырасу тіркелген.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы облысында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 17 293 адам, елден кеткендер саны  24 239 адамды құрады. Көші-қон сальдосы –  -6 946 адам. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құраңан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Демография

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір