• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:54:35
Алматы
+12°

Ұлттық статистика бюросы қаңтардағы инфляция деңгейі туралы ақпарат жариялады. Бюро мәліметінше, өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өскен.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай қымбаттаған, қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш бағасы 6,5% өскен. Сондай-ақ күріш 2,9%, ұнтақ жармасы, балық, қара бидай наны, жұмыртқа, сұлы жармасы, айран, тауықтың төс еті, сүт, тұзды iрiмшiк, жемістер, ауыз су 2 пайызға жуық қымбатаған. Қант  керісінше сол мәнге жуық арзандаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш –  1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: инфляция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір