• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:53:35
Алматы
+12°

Сейсенбіде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша дәстүрлі қабылдауын өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауда Еңбекшіқазақ ауданынан келген Азангүл Әлбосын облыс әкімінен мал шаруашылығын дамыту үшін жер телімін беруді сұрады. Кәсіпкер алғашқы шаруасын екі бас түйе өсіруден бастаған. Бүгінде оның 50-ге жуық түйесі бар. Бір айта кетерлігі, кәсіпкер ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытумен қатар туған ауылында қазақтың ұлттық өрнегі бар ыдыстарын жасау үшін қолөнер шеберлігін үйретуге дайын.

 

– Көпбалалы аналарға қолөнер бұйымдарын жасап, табыс табуы үшін қолдау көрсеткім келеді. Шикізат бар, жұмыс істеуге негіз бар, бірақ бұл кәсіпті бастау үшін маған қолдау керек. Идеяны жүзеге асырсақ, көптеген әйелдер табысқа кенеледі. Оның үстіне тұтынушылар тарапынан сұраныс та жоғары, – деді кәсіпкер.

Марат Сұлтанғазиев өз кезегінде кәсіпкердің идеясы ауылдарда шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі тапсырмасымен үндесіп жатқанын, бұл бағытта аудан әкіміне тиісті тапсырма беріліп, жобаға қолдау көрсетілетіні баса айтылды. Облыс әкімі танымал кәсіпкер Сыдық Дәулетовтің шаруа қожалығы да бір түйемен басталғанын еске салды.

Айта кетейік, мал шаруашылығының бұл саласы субсидияланбайды. Соған қарамастан ол шаруашылық өнімдерін шетелдерге экспорттайтын деңгейге дейін жеткізген.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Азангүл Әлбосын да шаруа қожалығын екі түйеден елуге дейін ұлғайтты. Шаруа қожалығына жер телімі бөлінсе, кәсіпкер одан әрі мал басын көбейтіп қана қоймай, қосымша жұмыс орындарын ашпақ ниетте.

Түйе жүні ежелден жылу сақтайтын ерекшелігімен және емдік қасиеттерімен бағалы. Сондықтан, түйе жүнінен жасалған өнімге сұраныс жоғары. Облыс әкімі, осылайша, кәсіппен айналысқысы келетін ауыл әйелдеріне қолдау көрсету керектігін атап өтті.

Облыс әкімі шара шеңберінде барлығы 6 адамды қабылдады. Қабылдауда көтерілген барлық мәселелер шешімін тауып, олардың орындалуы облыс әкімі аппаратының бақылауына тапсырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір