• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:26:53
Алматы
+12°

Өз кәсібінде бақталастарын басып озатын бизнес өкілдері бүгін спортта бәсекеге түсіп көрді, деп хабарлады Almaty.tv сайты.

Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 4 команда қатысты. Ойынға демеушілер шағын сый-сияпаттар да дайындапты.

«Бірінші бастама болғандықтан 4 команда қатысып жатыр. «Тұран», «Достар-1», «Достар-2» және «Көкжалдар» командасы. Біз енді сыйлық алдық, оның сыртында ақшалай 100 мыңның көлемінде сыйлығымыз бар», – деді ұйымдастырушы Айбек Камалұлы

Ойын өте тартысты өтті. Үш команда аға буын өкілдерінен тұрса, жастар жағы бір команда болып бақ сынасты. Озық ойынымен ерекше көзге түскен «Тұран» тобы 5-3 есебімен бас жүлдені қанжығасына байлады.

«Шетелден алыс-жақын, Франциядан, Ресейден, Ираннан жан-жақтан келген қандастарымыз осы Алматыда, Астанада талай турнир өткізген едік, жалғасы. Ойын барысында әзірше «Тұран» командасының аяқ алысы жақсы», – деді турнирге қатысушы Арай Тоқтасын.

«Әр қазақ менің жалғызым» деген ұйымдастырушылар мақсаты –  елді бұқаралық спортты дамытып,  салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«Саудада, кәсіпте жүрейік, әр қазақ бар қазақ үшін жұмыс істеу керек,  Отанға, Жаңа Қазақстанға жұмыс істеуі керек. Тек қана спорт емес, өнерде де артымыздан өсіп келе жатқан інілерімізді, балаларымызды ұлтын, Отанын сүюге тәрбиелеу»,– деді турнир ұйымдастырушысы Ерлан Төлеубай.

Ұйымдастырушылар алдағы наурыз айында футболдан үлкен турнир өткізуді жоспарлап қойған. Сондай-ақ түркі жастарының құрылтайын ашуды ойлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір