• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:44:43
Алматы
+12°

Ресей Днепрге шабуыл жасағаннан кейін президент Владимир Зеленский ресейліктерді кезекті рет үнсіздіктері үшін айыптады.

"Мен бүгін ресейліктерге, террорды айыптай алмағандардың бәріне айтарым: сіздердің қорқақ үнсіздіктеріңіз, әліптің артын бағып отырғандарыңыз сол террористердің сіздерге келуімен аяқталатыны сөзсіз. Зұлымдық қорқақтықты жақсы сезеді. Зұлымдық одан қорқатындар мен саудаласып қалғысы келетіндерді ешқашан ұмытпайды. Сол зұлымдық сіздерге келген кезде қорғанатын пана таппай қаларсыздар", - деді Владимир Зеленский.

14 қаңтарда түстен кейін Ресейдің Украинаны кезекті рет жаппай атқылауы кезінде зымырандардың бірі Днепрдегі 9 қабатты тұрғын үйге тиіп, оның сегменттерінің бірі толығымен қираған. Соңғы мәліметтер бойынша шабуылдан 35 адам қаза тапқан. Үйінділерді сараптау және тірі қалғандарды іздеу жалғасуда, құрбандар саны бұдан да артуы мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір