• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:39:30
Алматы
+12°

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдік автомобильдерді заңдастыруға байланысты өткен брифингте заңдастыру процедурасы үшін қандай құжаттар қажет екенін айтты.

Шетелдік көліктерді тіркеу 23 қаңтар 1 шілде аралығында жүзеге асады.

Игорь Лепеханың сөзінше, автокөлік иесі өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; көлік құралының паспорты және (немесе) көлік құралын тіркеу туралы куәлік; көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат секілді 4 құжатты ұсынуы керек.

Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлік құралы арнайы ХҚКО жанындағы тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Өтініш екі күн қаралып, оң не теріс шешім шығады.

Тексеріс сәтті болған жағдайда өтініш берушінің телефонына оң нәтиже және көлік құралын тіркеу үшін Арнайы ХҚКО-ға келу қажеттілігі туралы қысқа хабарлама жіберіледі.

Көлік құралын тіркеуге арнайы ХҚКО-ға қайта келген кезде иесі бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж (4 313 теңге), сондай-ақ мемлекеттік нөмірге (9 660 теңге) алым төлейді және құжаттардың түпнұсқаларын ХҚКО қызметкеріне тапсырады.

Заңдастырылатын көліктерге қойылатын талаптар төмендегідей:
 
♦ Автомобиль елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін кірген болуы керек. Ол автосақтандыру полисінің алғашқы рәсімделген күні бойынша анықталады;
♦ Көлік іздеуде болуыға тиіс;
♦ Кедендік тазартудан өтуі керек;
♦ Соңғы тіркелген жерінен есептен шығарылған болуы керек;
 
Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмір белгілері беріледі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір