10 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қытай тарапы Қазақстан-Қытай шекарасында енгізілген шектеу және карантиндік шараларды алып тастайды, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Қытай көліктерді өз аумағына кіргізе отырып, тасымалдаудың пандемияға дейінгі форматына оралуға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілеріндегі виза, ПТР тест, көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Алайда шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптарға байланысты сыртқы экономикалық қызметтің кей қатысушылары наразылық танытқан. Өйткені олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығынға ұшыраған.
Аталған мәселеге байланысты 9 қаңтарда "Қалжат" өткізу пунктіне Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізген.
Министрлік кездесу барысында шекара қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен және тасымалдаушылармен бірлесіп кедендік рәсімдерден өту, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы қажетті түсінтемелер берілгенін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірқатар сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алғанын жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір