• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:41:35
Алматы
+12°

Бас прокурор Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен танымал криминал-авторитет Арман Жұмагелдиев қаңтар оқиғасында ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін растады.

"Арман Жұмагелдиев қала ішінде тәртіпсіздік орнатып, наразылыққа шыққандарды бақылауына алғысы келді. Сондай-ақ билікке бірнеше ультиматумдық талаптар қою үшін "халық кеңесін" құруды жоспарлады. Оған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты (Қайрат Құдайберген - ред) мен Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған криминалдық топтың мүшесі Махатов белсенді көмектескен. Алайда оның жоспары жүзеге аспады. Халық оған бағынбады. ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, сенімді алиби жасау мақсатында мародерлерге қарсы күрес деген желеумен қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды", деді Берік Асылов мәжілісте қаңтар оқиғасын тергеу барысы туралы баяндамасында.

Бас прокурордың мәліметінше, "Дикий Арман" өзін кінәсіз етіп көрсету үшін 6 қаңтарда қаланың әр жерінен 24 азаматты ұрып, соғып "Ritz Carlton" және "Қазақстан" қонақ үйінің көлік тұрақтарында қамауда ұстаған. 

"Кейін ұсталған азаматтарды қала шетіндегі контейнерге жеткізіп, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен қамауда ұстаған. Содан соң олар әуежайға жеткізілді. Ұсталғандардың бірі Өтепбаев есімді азамат азаптау мен ұрып-соғу кезінде қаза тапқан. Қазір аталған деректер бойынша тергеу аяқталды", деді бас прокурор.

Берік Асылов келтірген деректерді осыдан 3 ай бұрын қазір қамауда отырған журналист Михаил Козачков қолына түскен құжаттар негізінде жариялаған болатын. Ол Жұмагелдиев ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші департаментінің жетекшісі Руслан Ысқақовтың бақылауымен қызметін жүзеге асырғанын айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дикий Арман

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір