30 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Экс-министр Конституциялық сот судьясы болып сайланды. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қанат Мусиннің кандидатурасын Конституциялық соттың судьясы қызметіне ұсынған.
Президент Сенаттың жалпы отырысында жаңа жылдан кейін Үкімет құрамына өзгеріс енгізетінін әлім еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір