• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:01:15
Алматы
+12°

Мемлекеттік қызметкерлерге жалақысына сай келмейтін мүлік, әлдеқандай зат алғаны үшін айыппұл салу, тіпті кей жағдайда қызметтен қууы түріндегі шаралар қолданылатын болады. Мұндай қадам жемқорлық рисктерін төмендету үшін жасалғалы отыр дейді Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтың LS порталына.

"Заң 2021 жылы іске қосылған жалпығаортақ декларацияландырудың жалғасы" деген ол мемқызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін қосымша санкциялар енгізілетінін айтты.

"Алғашқысы – табыс пен шығын айырмашығынан шыққан соманың 90 пайызы мөлшеріндегі айыппұл негізіндегі фискалдық санкция. Санкция айырмашылық 1 мың АЭК-тен (3 млн теңгеден астам) асқан жағдайда қолданылады. Айталық, жылына 5 млн теңге табатын мемлекеттік қызметкер 9 млн теңгеге мүлік сатып алса, онда ол 1 мың АЕК мөлшеріндегі шектен асқан болып саналады.

Екіншісі – жағымсыз мотив бойынша мемлекеттік қызметтен босату түріндегі санкция. Бұл табыс пен шығын арасындағы айырмашылық 1 мың АЕК-ті шегеріп тастағаннан асып түскен жағдайда қолданылады. Осы орайда әр жағдайда шенеунікке шығынның заңды екенін негіздеуге мүмкіндік беріледі" дейді Ұлан Сарқұлов.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, шығына табысынан асып кеткені анықталған тұлғалар қылмыстық қудалауға түспейді. Аталған нормалар 2027 жылы енгізіледі деп жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір