22 желтоқсанда Қонаев қаласы, Ш. Уалиханов атындағы №2 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адам және қоғам» ҚБ ҮЕҰ ұйымдастыруымен «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында Алматы облысының 30 мемлекеттік қызметкерінің қатысуымен бір күндік оқыту семинары өтті.
Семинардың негізгі міндеті – мемлекеттік қызмет өкілдерінің, жас мамандар мен белсенді студенттердің саяси біліктілігі мен шешендік шеберлігін арттыру. Аудитория алдында сөйлейтіндерді және халықпен жұмыс істейтін басшыларды таныстыру сауаттылығына менталды даярлау және оқыту. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Өткізілген іс-шара бойынша қатысушылардың пікірлері:
Салимбаева Г.А.
Талғар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ бас маманы:
Құрметті ұйымдастырушылар! Бүгінгі Қонаев қаласында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткен семинар жоғарғы деңгейде өтті. Біз секілді мемлекеттік қызметте жүрген мамандарға өте қажетті ақпараттар мен, барлық сауалдарға анықтама алдым. Үлкен алғысымызды білдіреміз!
Омарбекова Л.М.
Шолаққарғалы ауылдық округі әкімі аппараты бас маманы:
Бүгінгі өткізілген курс өз деңгейінде өте керемет өтті, жұмыстан тыс көп ақпараттар алдық. Лекторларға да үлкен алғысымызды білдіреміз, осындай шаралар жиі-жиі өтіп тұрса деген ұсыныс айтар едім.
Қалқаев Е.Н.
Кеген аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ бас маман:
Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен бүгін, 22 желтоқсан 2022 жылы Қонаев қаласында «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» атты семинар- курсы өткізілді. Бүгінгі ұйымдастырып өткізген шара өте жоғарғы деңгейде өтті. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі ғалымдар, яғни лекторлар тақырыпқа сай өзекті, мәнді, мағыналы дәрістер қамтыды.
Тәттібаев Т.Ә.
Кеген ауданы, Қарқара ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманы:
Аталған курс- семинар әсерлі, өте жақсы өтті. Бұндай шаралар менімше жыл бойына көбірек ұйымдастырып, өткізілсе деген ой-пікір, ұсынысымыз бар. Себебі мемлекеттік қызмет сапасы өте қызық-шыжығы да, қиыншылығы да көп сала. Халықпен тікелей қарым-қатынаста қызмет еткендіктен осындай, әсіресе жас мемлекеттік қызметкерлерге өте пайдалы әрі тиімді. Осы шараны ұйымдастырып отырған ұжымға еңбектеріне табыс, шығармашылық жетісітктер тілеймін.
Қасымджанов Б.Т.
Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманы:
Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылдық округі әкім аппаратынан келген бас маман едім, бүгінгі 22.12.2022 жылы «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген семинарға үлкен рахмет! Өте жақсы әсер алдым! Қазіргі уақытта жұмысқа керекті толық ақпараттар алдым, осындай семинарлар жиі болып тұрса деп сұраймын.
Абдыкаримов М.Д.
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманы:
Мен Абдыкаримов Мухтар- Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманыи, бүгін өткізілген «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарға деген әсерім өте ерекше, семинар жоғарғы деңгейде сапалы өтті. Біз секілді мемлекеттік қызметкерлерді қолдайтын осындай іс-шаралар көп болуын сұрайтын едік.
Ташкенов А.Н.
Ұйғыр ауданы, Ұйғыр аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ бас маманы
Біз мемлекеттік қызметкерлер бүгін 22 желтоқсан өтіп жатқан семинарға қатысып жатырмыз, семинар үлкен дәрежеде өтіп жатыр, ұйымдастырушылар бұл іс-шараға үлкен дайындық жасағаны көрініп тұр. Бұл шарадан біз көптеген жанжақты мағұлматтар алдық. Осы іспетті іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылып отырғанын дұрыс деп санаймыз
Ашимов А.Г.
Еңбекшіқазақ ауданы, Ават ауылдық округі әкімі аппараты ММ жетекші маман:
Мен Ашимов Алымжан бүгін өткізіліп жатқан «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар қатысушысымын. Облыстың кадрлық резервін жасақтау, белсенді көшбасшы легін қалыптастыру, жастарды мемлекеттік қызметке даярлау, қоғамдық қызмет саласы үшін білікті кадрлар қалыптастыру мақсатындағы шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді деп білемін. Осындай семинарлар жиі болып тұруын тілейміз.
Қоңырбаева З.Ж.
Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық Округі әкімі аппараты ММ жетекші маманы:
Бүгінгі өткізіліп жатқан семинар біздің салаға үлкен үлесін тигізеді деп ойлаймыз, себебі дәріс оқыған лекторлар өте сапалы әрі керекті дүниелерді жеткізе білді. Жалпы осы іс-шараны ұйымдастырып отырған Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігіне алғыс білдіреміз.
Елубаев Д.Б.
Балқаш ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты ММ, бас маманы:
Біз Балқаш ауданынан осы семинарға 3 мемлекеттік қызметкер болып келдік. Семинар жоғарғы деңгейде өтті деп білеміз, тіпті осы жерден алған инсайттармен өзіміздің әріптестерімізбен де бөлісіп, талқылау ойымызда бар. Іс-шараның ұйымдастырылуы өте жоғарғы деңгейде өтті. Шарада білікті лектор, ғалымдар дәріс оқыды, осы семинардың берері көп болды деп білеміз. Алғысымыз шексіз!
Ұзақпай Дана
Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманы:
Қонаев қаласында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен, «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Мен Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты ММ бас маманы, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту семинары дегеннен кейін қуанышты болдық. Семинар үлкен дәрежеде өтткізілді, тіпті соңында арнайы сертификаттармен марапаттады.
Сауытканов А.Б.
Кеген ауданы, Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппаратынң бас маманы:
12. Мен Қонаев қаласында өткізіліп жатқан курс қатысушсы Айболат Сауытканович боламын. Мемлекеттік қызметкер ретінде бүгінгі семинарға қатысып жатырмыз. Семинардан көп заттарды өзімізге түртіп алдық деп айта аламын. Ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілейміз.
Накпаева А.А.
Талғар ауданының ішкі саясат, мәдениет, Тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ бас маманы:
22 желтоқсан «Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында семинарға қатыстық, бұл іс-шараға көңіліміз толды деп толықтай айта аламыз, семинар барлық жақты жан-жақты қамтыған екен. Мемлекеттік қызметкерлерді қолдап осындай іс-шара ұйымдастырғандарға алғысымыз шексіз.
Кудагельдинова А.А.
Қарасай ауданы, Жандосов ауылдық округі әкімі аппараты ММ жетекші маман:
Мен Кудагелдинова Альмира мемлекеттік қызметкерлерге арналған курстың қатысушысы болдым. Семинар өте жоғарғы деңгейде өтті, дәріс оқыған лекторлар өз ісінің мамандары екендігі көрініп тұрды. Осындай іспетті семинарлар жиі өткенін қалайтын едік. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Әзербайжан Асылжан
Балқаш ауданы, Бақбақты ауылдық округі әкімі аппараты ММ жетекші маманы:
Біз Іле ауданынан осы семинар үшір арнайы келдік. Семинар өте керемет болды. Семинарда жастарды мемлекеттік қызметке даярлау, қоғамдық қызмет саласы үшін білікті кадрлар қалыптастыру бойынша көптеген ақпараттар айтылды. Осы шарадан тың ақпарттар алдық, лекторлар өте керемет дәрістер өкізіді, аяғында сертификаттармен марапаттаулар болды. Іс-шараны ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
Пікір қалдыру
пікір