• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:25:01
Алматы
+12°
2018 жылы басталған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

– Автожол құрылысы бойынша барлық негізгі деген жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта абаттандыру және жол ақысын алу жүйесі орнатылып жатыр. Концессия туралы заңға сәйкес жобалар инвесторларға мемлекет балансына қабылданғаннан кейін ғана беріледі. Осыған байланысты пайдалануға беру 2023 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр, деді Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Айналма жол негізінен алты, кей жерлерде төрт жолақты болмақ. Рұқсат етілген максималды жылдамдық сағатына 110-140 шақырымды құрайды.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының жоспары

Тас жол Қаскелең маңындағы Қырғауылды ауылынан басталып, Талғар жанындағы Қызылқайрат ауылында аяқталады.Жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елдімекен арқылы өтетін болады.

Kolesa.kz  басылымының жазуынша, ҮАААЖ дирекциясы жұмыстарды министрлік айтқан мерзімнен де бұрын аяқтап, жол қозғалысын 2023 жылдың І жартысында іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір