• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:44:50
Алматы
+12°

Бүгін «AMANAT» партиясында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл әдеби конкурс ұлы ағартушы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды.

Іс-шараны ашқан «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов алдағы уақытта  жобаның аясын кеңейтіп, аудандық, облыстық, содан кейін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«Небір тума таланттар ауылдарда жүр. «Ұлы дала» байқауы сол таланттардың түлеп ұшар ұясына айналуы тиіс. Қазақ әдебиетінің келешегі тек шығармашылық қауымды ғана емес, баршамызды алаңдатады. Әдебиеттің болашағы – ұлттың болашағы. Сондықтан, жаңа дәуірде жаңа есімдер керек. Тек оларды іздеп-тауып, қамқорлық көрсету қажет. Жастарды ынталандырып, жолын ашу үшін «AMANAT» партиясы осы байқауды ұйымдастырып отыр», – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, 26 тамыз бен 10 қараша аралығында байқауға бас-аяғы 152 шығарма келіп түсті. Оның барлығы aikyn.kz сайтында арнайы ашылған «Ұлы дала байқауы» айдарында бүркеншік есіммен жарияланып отырды.

«Толқынды толқын қуады. Кешегі аға буынның, бүгінгі орта буынның ізін жалғайтын таланттарымыз әдебиет айдынында аз емес. Сондықтан, дарынды жастардың суырылып алға шығуы – заңдылық. Байқаудың басты мақсаты – жас қаламгерлерді ынталандыру, қанаттандыру. Сондықтан бұл байқау алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Мәжіліс депутаты, қазылар алқасының төрағасы Аманжол Әлтай.

Сонымен, «Поэзия» номинациясы бойынша бірінші орынды ақын Жәнібек Әлиман, екінші орынды ақын Шапағат Әбдірұлы, үшінші орынды ақын Таңсәуле Әгенқызы иеленді.

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«Проза» номинациясында бірінші орынға жазушы Әлихан Жақсылық, екінші орынға жазушы Әділ Әуезханов, үшінші орынға ұстаз Айзат Рақышева лайықты деп танылды.

«Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша бірінші орынды Алпысбай Әбділұлы, екінші орынды ақын Құралай Омарова, үшінші орынды балалар жазушысы Айсұлу Әлмаш қанжығалады.

«Драматургия» номинациясында бірінші орынды драматург Ықылас Шалғынбай, екінші орынды журналист Ақлима Сапарова, үшінші орынды ақын Тоқтарәлі Таңжарық жеңіп алды.

Сонымен қатар, биыл тұңғыш рет тағайындалған «Алаш аманаты» арнайы сыйлығын алаштанушы-зерттеуші, балалар жазушысы Елдос Тоқтарбай, «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты ақын, жазушы, киносценарист Ұларбек Нұрғалымұлы иеленді. Ал «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған» арнайы сыйлықты жазушы Абай Аймағамбетов жеңіп алды.

«Кез келген байқау жарқ етіп жарияланғанда емес, дәстүрге айналған кезде оған авторлар дайындықпен келіп, өз жемісін бере бастайды. Биыл бұл шығармашылық бәйге Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналғаннан кейін авторларға оның жауапкершілік жүгі жеңіл болмағаны анық. Әдебиет – тұтас қоғаммен ұштасып жатқан дүние. Сондықтан әдебиетті қолдау – тек руханиятты қолдау емес, жалпы қоғамның оң бетбұрысына әсер ету деген сөз», – деді Ұларбек Нұрғалымұлы.

Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, партияның Орталық аппаратында өткен іс-шарада Қостанай облысының Торғай ауылындағы «А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің» қызметкерлері көрме ұйымдастырды. Онда Ұлт ұстазы тұтынған заттар, құнды жәдігерлер, қайраткер шығармаларының түпнұсқасы және т.б заттар қойылды.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: «AMANAT» партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір