06 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашықдереккөз
Ресейлік кәсіпкер Шамиль Аляуидинов Қазақстандағы бизнес-форумдарға қатысып, жанкүйерлерімен кездесу өткізіп жүр, деп жазды informburo.kz. порталы.
4 желтоқсанда Астана қаласында "Новая реальност" атты бинес-форум өткен. Шараға ресейлік кәсіпкер де қатысуы керек болатын. Алайда оның Ресей мен Украина соғысына Қазақстанның реакциясы туралы айтқан пікірлері қазақстандықтардың наразылығын туғызып, Шамиль Аляутдинов Астанададағы кездесуге қатыспайтынын хабарлаған.
"Құрметті қазақстандықтар! 4 желтоқсанда Астанада өтетін тренингке мен бармаймын. Ұйымдастырушылар мен спикерлерге кедергі жасап, қосымша наразылық туғызып бергім келмейді. Ал осыны ұйымдастырып, маған қарсы ақпаратты бірінші таратқандар, өтірік пен айыптауды ұйымдастырушыларға айтарым – сіздерге Құдай төреші! Қазіргі заманда сөз таластырып, кінәліні іздеп уақыт кетірудің қажеті жоқ. Тек қана алға қарай жылжып, өз мақсаттарымыз үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз. Ал осы оқиғаны пайдаланып, арандатқан хейтерлер шіріп өлетін болады" деп айтқан еді ол.
Алайда қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Анатолий Данилов facebook парақшасына Шамиль Аляутдиновпен түскен суретін жариялағанынан 6 желтоқсанда Аляутдинов Алматыға келгені белгілі болды.
Сөйтсе, кәсіпкер қазақстандықтардың наразылығынан кейін де Қазақстанға бірнеше рет келген. 13 қарашада Ақтөбе қаласында өткен "На ступень выше" бизнес-форумында спикер болған. Аталған шараға оның әйелі Зиля Аляутдинова да қатысқан. Тіпті ресейлік дінтанушы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесіп үлгерген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұдан бөлек Шамил Аляутдинов жеке вебинарының қатысушыларымен де кездесу өткізген. Кездесудің бірі Астанада 3 желтоқсанда өтсе, екіншісі 6 желтоқсанда өткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір