• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:56:41
Алматы
+12°

Ұлттық университет – Ұлы даланың білім шаңырағы. Адамзат тарихында жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы орын алып отырған жағдайлар, отбасындағы тәлім тәрбие, ата-бабасынан берілетін генетикалық ерекшеліктер, далалық шежіреден бойына дарыған қасиеттер сонымен қатар, оқу ордасынан алған психикалық жағдаяттар әсер етеді.

Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына атсалысып, бала кезінен ұлттық тәрбиені ертегілер, жырлар арқылы бойына сіңіріп отырған. Ал осы тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасатын кезең – жастық кезде, яғни кәсіпке бейімделудегі құндылықтың дарытылуын қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың біліктілігі мен тәжірибесіне зор мән берілуі тиіс. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу жəне оқыту мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне, оқу-материалдық базаның түгелдігіне, оқу бағдарламаларының сапасы мен мазмұнына байланысты болмақ. Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие сағаттары т.б. шаралар əсер етеді.

Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық университет ұжымы көпұлтты Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне, саяси-құқықтық өміріне, мәдениетіне, ғылым мен білім беру салаларына орасан үлес қосып, еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналып отыр. Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге ҚазҰУ-нің қалашық аумағында көптеген шаралар ұйымдастырылып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылған. Мұнда түрлі ұйымдардың, паспорттық үстел, студеттерге әлеуметтік көмек кабинеттері және т.б студенттерге қызмет көрсету салалары және де кинотеатр жұмыс жасайды.

Расымен де, осындай жан-жақты ресурстармен қамтамасыз етілген қалашықты елемей өтуге болмайды. Қайсы бірін алсақта барлығы да студенттердің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Университетімізде оқу жүйесі Болон үдерісі бойынша жүзеге асырылады. Әр студент өз логині, паролі арқылы кез келген уақытта оқу үлгерімімен таныс бола алады. Сондай-ақ, қосымша тапсырмаларды, қажетті материалдарды, дәрістің қысқаша сипаттамасын лезде электрондық журнал арқылы көре алады.

Бұл мүмкіндік студенттердің технологиялық құрылғыларды жетік меңгеруімен қатар, уақытын үнемдеуге көмектеседі. Қара шаңырақтың қоластына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Тарихы тереңде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестеткен талапкердің болашағы жарқын боларын да білетін шығар.

 

Тоқсанбаева Н.Қ. Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының профессоры

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: университет ҚазҰУ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір