• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:57:33
Алматы
+35°
21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин жариялаған ішінара мобилизация шын мәнінде толыққанды мобилизация болып шығып, оның тоқтағаны туралы айтылғанымен жер-жерде азаматтарды әскерге шақыру жалғасып жатыр. Мобилизацияланған жауынгерлердің жай-күйі нашар екені, кей жерлерде шақырылғандар еш дайындықсыз майдан даласына жіберіліп жатқаны туралы ақпарат көп. ВВС-дің орыс қызметі мобилизацияланғандардың ауыр жағдайы туралы материал жариялады.

Ол жерде шақырылғандарға ешқандай жағдай жасалмағаны, оларды ешкім дайындап жатпағаны, көлікпен қамтып, қару беруге мүмкіндік жоғы туралы айтылады.

Қазіргі уақытта Ресейде мобилизацияланғандардың аналары мен әйелдері қоғамдық ұйымдар құрып, жақындарын тауып, оларды қайтаруға немесе әскердегі жағдайын жақсартуға қол жеткізуге тырысып жүр. Әзірге оларды билік елеп отырған жоқ.

Кремль мобилизация кезінде кейбір "қателіктер" барын мойындап, оларды шешетінін айтқан. Алайда мобилизацияланғандар мен олардың жақындары әскери бөлімдер мен фронттағы жағдай әлі де ауыр екенін көрсетіп келеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір