• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:48:19
Алматы
+12°

Алматы қаласы Дін істер жөніндегі басқармасының қолдауымен және «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Деструктивті діни ағымдар идеологиясының беделін түсіру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында қала мешіттерінде дін саласындағы мамандардың қатысуымен діндар әйелдермен кешенді шаралар өткізілуде.

9 қыркүйек күні Алматы қаласының Абай Құнанбайұлы мешітінде 20-ға жуық діндар әйелдердің қатысуымен «Дәстүрлі құндылықтарды ұлықтау-дүниетанымға жат болған ағымдардан сақтану» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс барсыныда дәстүрлі құндылықтың мән мағынасын ашып, ерекшелігін атап өтті. Әлемдегі кез келген дамыған елді алып қарасаңыз, оны дамытқан да, көптеген салалардан озық еткен де сол елдің құндылығы екенін ұмытпауымыз қажет. Өйткені құндылықтардың басты функциясы елдің тұрақтылығын сақтау, рухани жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жат болған дүниетанымнан алыстатын басты құрал.

Әр елдің дәстүрлі құндылығы олардың шыққан тегіне, ұстанған дініне, олардың жынысына қарамай, бүкіл адам баласына ортақ дүние болып табылады.

Шара барысында, қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген өзекті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алып отырды.

Дәрісті, философия ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының  аға оқытушысы Қантарбаева Жанна Орынбасаровна оқыды.

Құндылықтар адамзаттың даму тарихы мен өмір салт заңдылықтарын айқындайды. Құндылығы болмаған қоғам ертеңгі күні күйреуге ұшырайтын қоғам болады. Құндылық сыртқа күштің әсерімен емес, өз араларында жарып шығатын дүние болып есептеледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір