• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:14:11
Алматы
+12°

26 қарашада ресми түрде кезекті өкілеті басталған президент Қ.Тоқаев бірқатар сала басшыларын қайта тағайындау туралы жарлық шығарды.

Президент жарлығына сай, Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымын, Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымын, Дархан Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі төрағалығын, Айбек Дәдебаев Президент Іс басқарушысы лауазымын, Сәкен  Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін, Жанат Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымын, Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін, Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төрағалық етуін, Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымын сақтап қалды.

Бұған дейін президент лауазымына кірісіп, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қызметін тоқтататынына байланысты тиісті әкімдер жаңа әкім тағайындалғанға дейін қызметін атқара тұратыны туралы жалық шыққан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кадрлық ауыс-түйіс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір