• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 05:28:22
Алматы
+12°

305 шенеуніктің казинода 507 миллион теңге шығынға ұшырауына қатысты барлық мемлекеттік орган тергеу жүргізген. Казиноға барғандардың арасында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері де болған. Бұл туралы агенттіктің кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, агенттіктің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Егер біздің агенттікке ерекше тоқталатын болсақ, бұл тексерістің қорытындысы бойынша біздің бірқатар қызметкерлер анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Төрт қызметкер қызметтік тапсырмаларға байланысты казинода болған, ал екі қызметкер бойынша фактілер расталды. Аталған қызметкерлер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Нұрлан Әдалиев.

Нұрлан Әдалиевтің айтуынша, қалған қызметкерлер тексеріске дейін қаржы мониторингі агенттігінен жұмыстан шығып кеткен. Сондай-ақ әрбір факті мұқият тексерілгенін және жағдай бақылауда екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Алматы облысы прокуратурасы жүргізген тексерістің нәтижесі жарияланды. Онда казиноға жиі барып тұратын 300-ден астам мемлекеттік қызметші туралы айтылған.
 
Түрлі мемлекеттік органдардың 305 қызметкері құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсаған. Олардың арасында ішкі істер министрлігінің - 97, қорғаныс министрлігінің - 95, қаржы министрлігінің - 25, сондай-ақ Антикор, Қаржы мониторингі агенттігі, Жоғарғы сот пен әкімдіктердің қызметкерлері бар.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір