• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 07:00:58
Алматы
-6°

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко "Кәрім Мәсімов Венгрия азаматтығын алған" деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Венгрия тарапының бізге берген мәліметінше, Мәсімов мырзаның мұндай азаматтығы болмаған. Қосымша ақпарат түскен жоқ. Біздің елде қос азаматтыққа тыйым салынған және басқа елдің азаматтығын алған адам автоматты түрде біздің азаматтықтан айырылады" деп жауап берді Роман Василенко мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовте Венгрия мемлекетінің азаматтығы бары туралы ақпарат тараған. 18 қарашада Мәсімовтың соты басталды. Оған бірнеше айып тағылған, солардың ішіндегі ең ауыры мемлекетке опасыздық жасады деген айып. Сот процессі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Іс "құпия" санатына жататындықтан, мәліметтер жарияланбай отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір