Фото: GETTY
Оның айтуынша, Украина энергетика инфрақұрылымының жартысы не бүлінген, не толық қираған. Бұл – қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесі мен адамдардың өміріне әсерін тигізіп отыр.
ДДСҰ мәліметінше, осы қыста екі-үш миллион украиналық суық үйін тастап, жансауғалап кетуі мүмкін. Жарық пен жылудың жоқтығы тұмау мен коронавирусты қоздыруы ықтимал.
Қазірдің өзінде жарық пен су жетіспеуінен жүздеген аурухана дұрыс жұмыс істей алмай отыр.
Бірер күнде Украинаға қар жауып, ауа температурасы нөлден төмендеген. Қыста 20 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Ресей шабуылы салдарынан Украинадағы электрэнергиясының 25 пайызын өндіріп келген Запарож АЭС-і қазір мүлде істемейді. Қазіргі уақытта Киев, Винницк, Сумск, Тернопольс, Черкасск, Одесса облыстарында жағдай қиын.
Ел президенті Владимир зеденский электрэнергиясын үнемдеп пайдалануға шақырып отыр.
Дереккөз: ВВС
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір