• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:47:57
Алматы
+12°

Бүгін Қонаев қалалық ауруханасының аумағында медицина қызметкерлеріне 35 жаңа автокөліктің кілтін тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Құттықтау сөзінде ол өңірде медицина саласына көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

mkl

– Уақтылы шұғыл көмек көрсету үшін біз бригадаларды көбейтіп, санитарлық көлікті жаңартып жатырмыз. Облыс үшін лизинг бойынша 35 машина бөлінді, оның 7-еуі Қонаев қаласына тиесілі. Менің ойымша, ендігіде жұмыс істеу жағдайы біршама жеңілдейді, өйткені жаңа «жедел жәрдем» көлігі заманауи техникамен жабдықталған. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен Hyundai H-350 және JAC Sunray маркалы санитарлық көліктің 35 бірлігі сатып алынды.

kl

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтің айтуынша, барлық автокөліктер қажетті жабдықтармен жабдықталған, бұл сапалы және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

– Жедел және шұғыл медициналық көмекті 142 бригада көрсетеді. Санитарлық автокөлік паркін толықтыру есебінен жедел және шұғыл медициналық көмек бригадаларының санын 8-ге ұлғайту және ауылдық елді мекендердің медициналық ұйымдарынан қашықтықты ескере отырып, олардың санын 150-ге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл автопаркті жаңартуға және толықтыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі облыс халқы үшін жедел және шұғыл медициналық көмекті 100% уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді, -деді Өмірзақ Ниязбеков.

Естеріңізге сала кетейік, «жедел жәрдемнің» барлық 35 көлігі Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Талғар, Қарасай аудандарының, сондай-ақ Боралдай мен Қонаев қалаларының шақыруларына қызмет көрсету үшін дислокациялар бойынша бөлінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір