• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:38:48
Алматы
+12°
 

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы көлік сатып алу қараша айында қайта жалғасын табады. Несие төлемінен қайтқан ақша есебінен 2023 жылы 2 мың көлік сату жоспарланып отыр.

Қазақстанда автокөлік бағасы 19 пайызға қымбаттады. Армения мен Ресейден көлік тасымалдау бәсеңдеген. Оның орнына қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктерінен көлік тасымалдап сатып жатыр. Ал жеңілдетілген автонесие бағдарламасы ұсынатын мүмкіндік халықтың сұранысын өтей алмай отыр.

"Қазір біздің азаматтарымыз жаңа көліктің несиесін төлеп жатыр. Бұл ақша кейін жаңа несие беруге жұмсалады. Осылайша қаржыны айналымға түсіріп, келер жылы 2 мың көлік сату жоспарда бар", – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Дегенмен, қазақстандықтарың сұранысы бұдан әлдеқайда жоғары. Соған байланысты, заңгерлер көлік нарығындағы бағаны мемлекет реттеуі керек екенін айтады. Олар бұл ретте он жылдан асқан машинаны қымбатқа сатуға рұқсат бермейтін АҚШ тәжірибесін алға тартады.

"Өзбекстан өздерінің зауыттарын құрды. Басында тек жинай бастады, содан кейін толық өндірісті қамтамасыз етті. Бүкіл елді өзбекстандық көліктерге отырғызды. Сомасы үлкен мемлекеттік баж қою арқылы өзге елден ескі машиналарды көп кіргізген жоқ. Бірен-саран Тойота, бірен-саран Мерседес көліктерін көріп қаламыз. Өзбекстан өзінің діттеген мақсатына осылай жетті, ал біз ілесе алмай қалдық", – дейді заңгер Бауыржан Ахметжан.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының дерегінше, биыл республикада 71 мыңдай жеңіл автокөлік құрастырылғанымен, баға 19% қымбаттаған. Бұған әлем экономикасының әлсіреуі мен күрделі геосаяси жағдай себеп болған.

Дереккөз: Astana.tv арнасы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автонарық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір