• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 06:01:08
Алматы
+35°
2022 жылғы 19 қазанда Республика күні аясында Алматы қаласы республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасы мен Алматы қаласы Медеу ауданы бірлесе отырып шахматтан ардагерлер арасында турнир өткізді.
 
Турнирдің мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын және шахмат спорт түрін насихаттау, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.
 
Шараға мұрындық болған Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі.
 
Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі басшысы Камалов Бахтияр арнайы сыйлықтар табыстап, алғыс хатпен марапаттады.
 
Республикалық Достық үйі атынан «Ахыска» түрік этномәдени орталығы ұсынған «Арман» кинотеатрында өтетін 7-ші түрік кино апталығына бес билет табысталды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір