• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:59:04
Алматы
+12°

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы Қарасу ауылында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, алты адам мерт болған. Бұл жөнінде Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция департаментінің дерегінше, жол апаты сағат 8.55 шамасында болған.

"Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі жеңіл көлік теміржол өткеліне таңертеңгі сағат 8:35-те шыққанын жариялады. Көлікте алты адам болған. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, жеңіл көлік тыйым белгісіне қарамастан өткелге шығып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір