• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:54:28
Алматы
+12°
 
Ресей думасындағы билік партиясы "Единая Россия"-дан сайланған депутаттар қылмыстық кодекске мобилизациядан қашқандарды қылмыстық жазаға тарту туралы түзету енгізу бойынша заң жобасын ұсынды, деп жазады Коммерсантъ басылымы.
 
Депуттаттар мобилизациядан қашқандарға 200 мың мен 500 мың рубль арасында немесе 1-3 жылдағы табысы көлемінде айыппұл салу, күштеп еңбекке тарту немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр.

Мемлекеттік думадағы қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Эрнест Валеев заң жобасы парламент қарауына ұсынуға әзір екенін жеткізді.

Ресейде 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жарияланған. Елдің Қорғаныс министрлігі  Украинадағы соғысқа жұмылдырылу үшін 300 мың адам әскерге шақырылғанын хабарлады.

28 қазанда Қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге ішінара мобилизация аяқталғанын хабарлаған. 30 қазанда Путин мобилизацияны тоқтату туралы жарлыққа қол қоюы мүмкін екенін айтты. Алайда әзірге нақты құжат жоқ. Ал 31 қазанда  министрлік запастағы әскерилерді шақыру тоқтатылғанын жариялады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ішінара мобилизация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір