Фото: Видеодан скриншот
Қазақстан кәрістері бірлестігі төрағасының кеңесшісі Георгий Кан Қазақстан мен Корея республикалары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай қандай іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бұл туралы Қоғамдық келісім ұйымы жұмысының 9 айдағы қорытындысы мен президент жолдауына орай этномәдени орталықтарға қолдау көрсету шаралары туралы өткен Алматыдағы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім етті.
– Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толу біз үшін маңызды оқиға. Корея Республикасы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндері тәуелсіздікті мойындайтынын жариялап, осында дипломатиялық миссиясын жібереді. Одан бері 30 жыл өтті. Ал Қазақстанға кәріс ұлтын 1937 жылы әкелген. Кәрістен Қиыр шығыста тұрғанда Корея қол созым жерде еді. 30 жылдарға дейін шекара ашық болатын. Кенеттен 10 мың шақырым жердегі Орталық Азияға қарай көшіреді де, қарым-қатынас тек 90 жылдары орнайды. Сонда кәріс қауымы ресми байланыссыз, тариъи отанынын хабар ала алмай 50 жылдай уақыт өмір сүреді. Сондықтан бұл 30 жылдық мерейтой кәрістер үшін, Корея Республикасы үшін маңызды оқиға. Бірінші кезекте Қазақстан үшін бұл датаның рөлі ерекше. Бүгінде Корея елге инвестиция тарту, бірлескен кәсіпорындар бойынша алдыңғы қатардағы елдердің бірі. Корея экономикасы бүгінде озық ондыққа кіреді. Сондықтан дипломатиялық байланыстапрдың 30 жылдығы айтулы оқиға, – дейді Георгий Кан.
Бірлестік төрағасы кеңесшісі дипломатиялық байланыстар орнаған кездегі кей оқиғалар туралы айтып берді.
– Кореяның Қазақстандағы алғашқы елшісі Ким Чан Гын деген азамат болған. Ким Чан Гын мырза тағайындалып, жұмысқа кіріскен кезінде Үштөбе деген жерде департацияланған мыңдаған кәрістер тұратынын естіп, сол жаққа апаруды сұрайды. Күз түсіп, алғашқы қар жауған қазан, қараша айларында елші мырзаны Үштөбеге апарады. айнала жазық дала. Кореяда күріш егетін атақты үлкен жазық бар. Үзындығы 250 шақырымдай болады. Оны бәрі мақтан тұтады. Ким Чан Гын Алматыдан шығып, қар басқан кең далаға қарап, сонда кәрістерді сонау 37 жылы осы жерге әкелген бе деп көзіне жас алған. Жас ала тұрып, отандастарымды осындай жағдайда аман алып қалған қазақ халқына зор алғыс білдірем" деген. Бұл екі ел арасындағы байланыстар енді орнай бастаған кез еді, – деп еске алған ол қол ел байланыстарының 30 жылдығын зор ықыласпен атап өтетінін жеткізді.
Оның айтуынша, 6 қазанда Алматыға Кореяның Тегу қаласынан ұлттық музыка оркестірі келіп, концерт қойып кеткен.. Тегу Кореяның үлкендігі жөнінен төртінші қаласы болып саналады. Екі қала арасында серіктестік бойынша келісімдерге қол жеткізілген.
– Бірлестік ұйымдастырып жатқан түрлі іс-шаралар қос ел арасындағы достықтың 30 жылдығы идеясын ту етіп, елгерілетуге бағытталған. Қазақстан кәрістері бірлестігі алдағы уақытта Корея елінің қатысуымен үлкен жоба қолға алмақшы. Оның аясында корейлік озық технологияны аграрлық секторға арту көзделіп отыр. Корея ІТ салада да мықты дамығаны белгілі. Цифрландыру саласында да көп жетістікке жеткен. Соларды Қазақстанға әкелгек, ендірсек деген ой бар. Бұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт тоқаев те ұдайы айтады. Әрі президент екі ел арасындағы берік байланыс пен қарым-қатынастың жанды, гуманитарлық, адами, мәдени көпірі елде тұратын 100 мыңдаған кәріс ұлтының өкілдері екенін де тілге тиек етіп отырады. Сондықтан кәрістер үшін Қазақстан біздің отанымыз. Кәрістер қауымдастығының басшысы Юрий ЦХАЙ айтпақшы, туған елдей, ел болмас, туған жердей жер болмас. Бұл біздің ананың сүтімен сіңген жеріміз, ал тарихи отанымыз біздің мәдени, рухани, этникалық шыққан жеріміз. Жалпы жоспарлар өте ауқымды, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір