• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:04:42
Алматы
+35°

Кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне байланысты айтқан даулы мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті журналист Асан Анарбайдың сауалына берген жауабында хабарлаған.

 
"Ал, достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы қаласының Алматы қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті. Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. " дейді журналист.
 
 
Әбіқұлов тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық САРАПТАМА тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын жеткізген.
 
Асан Анарбай айтуынша, бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Chocofamily басшысы Рамиль Мухоряповтың ресейліктермен кездесу кезінде қазақша білмейтін өзге ұлт өкілдеріне орысша біле тұра қазақ тілінде жауап беру мәдениетсіздік екенін айтқан сөздері дау тудырған. Аталған оқиғадан соң қазақстандықтар Chocofamily өнімдеріне байкот жариялап, оның үстінен Бас прокуратураға депутаттар, жекелеген азаматтар арызданған. Рамиль Мухоряпов болса, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, артық кеткенін мойындаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Рамиль Мухоряпов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір