• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 11:52:20
Алматы
+12°
Финляндия 30 қыркүйектен бастап Ресеймен шекараны жаппақ. Бұл туралы Yle жергілікті мемлекеттік телерадиокомпаниясы хабарлады.
 
Бүгін өткен фин үкіметінің отырысында қаулы қабылғанған. Оған сай, Ресейліктер енді Финляндияға туристік сапар жасай алмайды. Тіпті өзге елге бару үшін де фин шекарасынан өте алмайды. Финляндияға Ресейден тек гуманитарлық себеппен ғана кіруге рұқсат етілмек.
 
Фин үкіметі Ресейден ағылған азаматтар Финляндияның Шенген кодексіне негізделген халықаралық қарым-қатынасына нұқсан келтіреді деп санайды.

Ресейдегі мобилизациядан кейін  көрші елдермен шектесетін шекараларының барлығында елден шыққысы келгендердің бірнеше шақырымға созылған кептелісі әлі сейілген жоқ. Ресейліктердің шетел асуын тоқтату үшін түрлі Кремль де шара қабылдап жатыр.

Мәселен, Ресейдің Астрахань облысының Қазақстанмен шекара бекетінде мобилизациялық пункт ашылмақ. Ал кеше Финляндиямен шекарадағы "Торфяновка" бекетінде шақыру пункті ашылған. Грузиямен шекардағы "Верхний Ларс" бекетінде азаматтар шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан жағдайға деп оқ өткізбейтін әскери техника қойылған. Солтүстік Осетяда тіпті елден шығуға шектеп қойылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір