• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 01:04:55
Алматы
+12°
 

Сепаратистік Луганск Халық Республикасы мен Ресей басып алған Украинаның Херсон облысының Ресей тарапынан тағайындалған басшысы Ресей президенті Владимир Путинге Ресейге қосылу туралы өтінішпен жүгінді, деп жазады ВВС.

Ресей басып алған Луганск, Донецк, Херсон, және Запорож облыстарында 23-27 қыркүйек күндері Ресейге қосылу бойынша референдум өткен. Оның нәтижесін БҰҰ мен Еуроодақ, АҚШ, тіпті Қазақстан да мойындамайтынын мәлімдеген.

Ресей басып алған аймақтардың әкімшіліктері референдум сәтті өтті деп хабарлаған. Луганск Халық Республикасының әкімшілігі Ресейге қосылуды азаматтырдың 98,42 пайызы, Донецк Халық Республикасының әкімшілігі халықтың 98,69 пайызы, Запорож облысының ресми тұлғалары тұрғындардың 93,11 пайызы, Херсон облысының басып алынған аймағындағы әкімшілігі халықтың 87,05 пайызы Ресейге қосылуға келіскенін хабарлады.

Украина мен БҰҰ соғыс кезінде бөтен елдің аумағын басып алу үшін асығыс өткізілген процедура референдум болып саналмайтынын, әлемдің қауымдастық алдында құқықтық күші болмайтынын мәлім етті.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әрекетін аумақты аннекциялау деп бағалап, "бұл – БҰҰ жарғысын қатаң бұзу әрі халықаралық құқық нормаларын өрескел елемеу әрекеті" деді.

Зеленскийді БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Розмари Ди Карло да қолдап, референдум 4 аймақ тұрғындарының шынайы пікірі бола алмайтынын жеткізді.

Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг референдумды легитимді емес деп жариялап, халықаралық құқық өрескел бұзылғанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір