Фото: ТАСС
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан сепаратистік Донецк пен Луганск халық республикалары (Донбасс) мен Украинаның Херсон және Запорож облыстарын Ресейге қосу бойынша өтіп жатқан референдум нәтижесін мойындамайтынын меңзеді.
Айбек Смадияровтың пікірі анық әрі нақты болмағанымен, ол Қазақстан аумақтық тұтастық, халықаралық құқық қағидаларын берік ұстанатынын атап өтті. Осы принциптерге сүйенген батыс елдері референдумды легитимді емес деп, нәтижесін мойындамайтынын мәлім еткен.
Өзін тәуелсіз деп жариялаған ДХР мен ЛХР тұрғындарына "Ресей Федерациясының қатарына қосылуды қалайсыз ба" деген мазмұндағы бір ғана сауал қойылады. Ал басып алынған Запорож бен Херсон облыстары азаматарына үш сауал қойлады. Олар Украина құрамынан шығу, жеке мемлекет ретінде облыс болып құрылу және Ресей Федерациясының құрамына қосылу туралы болмақ.
Батыс сарапшылары Кремль референдум арқылы жоғарыда аталған аймақтарды өзіне қосып алғаннан кейін, Украинаның азат ету күресін өзіне жасалған агрессия ретінде бағалап, жалпыхалықтық мобилицация жариялауы мүмкін екенін айтады. Сарапшылар тіпті ядролық қару қолдану қатері арта түсуі мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір