• USD 465.38

  • EUR 483.58

  • RUB 7.69

  • CNY 64.95

26 Қараша, 22:38:15
Алматы
-6°

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейде ішінара мобилизация жариялануына байланысты ресейліктерге үндеу жасады. Видеоүндеу президенттің Youtube арнасында жарияланды. 

Зеленский үндеуінде орыс тілінде сөйледі. Оның айтуынша, Путиннің мобилизация жариялауы бірнеше жыл бойы дайындықтан өткен Ресей әскері күйрегенінің дәлелі. Бұдан бөлек Зеленский Украинаға қарсы соғыс енді тек ғаламтор, телеарна арқылы болып жатпағанын, соғысқа әрбір ресейлік отбасы қатысқалы отырғанын атап өтті.

"Неліктен дағыстандықтар немесе басқа ұлттар Харьков, Донецк жерінде өлуі керек? Себебі Ресейдің бір ғана азаматы барлық халық үшін шешім шығарды. Басқа себеп жоқ. Оның (Путиннің – Ред.) қалағаны жүзеге асып отыр. Ендігі украиналықтарға жасалған кез келген азаптау мен қылмысқа сіздер ортақтасып отырсыздар. Себебі үнсіз қалдыңыздар. Енді таңдау жасайтын кез келді" дейді Зеленский. 

Зеленский ресейліктерді Путинге қарсы шығуға, күресуге немесе украин әскеріне берілуге шақырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір